ШҚО-да бал экспортына басымдық беріледі

Келер жылы жаңадан құрылатын Катонқарағай ауданында қандай жұмыстар атқарылмақ? Шекаралық ауданның болашағы қалай болмақ? Осы және өзге де мәселелер ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Ресми жиынның қатып қалған ережесін өзгертіп, жиналған жұртшылықпен еркін форматта емен-жарқын әгімелескен өңір башысы көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Облыста атқарылып жатқан істерден хабардар етті.

Катонқарағай халқын өңірімізде салынатын бал өңдеу зауыты қызықтырды. Аймақ басшысының айтуынша, мұндай кәсіпорын облыс орталығында немесе Катонқарағай ауданында бой көтеруі мүмкін.

Бүгінгі таңда елдегі балдың 77 пайызы біздің Шығыс Қазақстан өңірінде шығарылады. Осы бағалы өнімді шетелге экспорттау үшін бал өндейтін фабрика салу жоспарланып отыр.

– Катонқарағай өңірінде бал көп өндіріледі. Бірақ, шетелге сату үшін белгілі бір талаптар бар. Ол өндірістік бал болуы керек. Осы мақсатта біз арнайы фабрика салуды көздеп отырмыз. Облыс омарташылары балын сонда тапсыратын болады, бал сол жерде өңделіп, талапқа сай өнім экспортқа жөнелтіледі, – деді облыс әкімі.

Бұл жобаның іске асырылу тетіктерін облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары зерделеп жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *