Осы мақсатта 3,2 млрд.теңге бөлінген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Кусумбаев мәлім етті.
– 2024 жылға жалпы құны 2,3 млрд. теңге болатын 4 жобаны қаржыландыруға қолдау көрсетілді, оның ішінде: Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында ДШСК салу және Орталық стадионын реконструкциялау, Жарсу ауылында мектептің спорт корпусын және Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылында спорт модулін салу, – деді Серік Кусумбаев.
Брифинг барысында басқарма басшысының орынбасары әр түрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрамасына Шығыс Қазақстаннан 707 спортшы кіргенін атап өтті.Оның ішінде жасөспірімдер құрамасында – 250, юниорлар құрамасында – 70, жастар құрамасында – 161, ересектер құрамасында – 226 спортшы бар.
– Өткен жылы біздің спортшылар түрлі спорт түрлері бойынша 4116 медаль жеңіп алды, оның ішінде: алтын – 1368, күміс – 1329, қола – 11419, – деді Серік Кусумбаев.