Семейде алғаш рет географиялық диктант өтеді

       Биыл Семей де “Географиялық диктант” халықаралық акциясына қосылмақ.

       Семейліктер жыл сайынғы “Жаппай диктант жазу” білім акциясысы қатысып, белсенділік танытады. Ал” Географиялық диктант” биылғы жылы тұңғыш рет өткізіліп отыр. Акция орыс географиялық қоғамының ұйымдастыруымее 2015 жылдан бастап өткізіледі. Оның мақсаты-географиялық білімді насихаттау және халық арасында географияға деген қызығушылықты арттыру. Бастапқыда акция тек Ресейде өткізілді. Ал 2017 жылдан бастап Халықаралық деңгейде өтті. Өткен жылы диктант әлемнің 97 елінде жазылды.

        Өз білімдерін тексергісі келетіндер 27 қазан күні сағат 12:00-де жаза алады. Диктант қатысушысына тапсырмалары бар арнайы бланк беріледі. Диктанттың қатысушылары жасы мен біліміне қарамастан қатыса алады. Ол күрделілік дәрежесі бойынша ерекшеленетін екі бөлікке бөлінген 40 сұрақтан тұрады. Базалық деңгейдің бірінші бөлігі (10 сұрақ) (“географиялық ликбез”) географиядан жалпыға белгілі фактілер негізінде жасалған, екінші бөлігі (30 сұрақ) бейнелі ойлауды, жүйелік логиканы және эрудицияны қолдануды талап етеді.

        Диктант жазылған күні алаңға қатыса алмайтын адамдар үшін диктант сайтында онлайн-режимде өз білімдерін тексеру мүмкіндігі қарастырылған http://dictant.rgo.ru. Бұл жағдайда нәтиже қатысушыға ол аяқталғаннан кейін бірден қолжетімді болады.

       Семейде диктант өткізу үшін №19 орта мектеп базасында алаң бөлінген. Болашақ қатысушылар 87076651078 байланыс нөмірі арқылы алдын ала тіркеуден өтуі қажет.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *