Карантин кезеңінде қалада алаяқтық жиілеп кетті

Карантин кезеңінде онлайн-алаяқтардың саны артты. Жыл басынан бері Семейде 115 интернет-алаяқтық тіркелген. Олардың 78-і ашылды, 37-і өндірісте. Бұл туралы брифингте Семей қ. полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің бастығы Данияр Қазкеев айтып берді.

Көптеген жағдайларда алаяқтар хабарландыруларды түрлі сайттарда орналастырып, пайдаланушыларды оларға алдын ала төлем жіберуді сұрайды. Алаяқтар тіпті басқа қалалар мен елдерде де отырып та халықты алдай бере алады. Мысалы, интернет-алаяқтықтың 13 фактісі Ресей Федерациясынан жасалды. Қылмыс жасаған кезде алаяқтар пайдаланушылармен негізінен Новосібір мен Мәскеуден байланысқа шықты.

– Біз халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Төтенше жағдай кезінде көптеген адамдар үйде болып, онлайн-қызметтерді пайдаланды, соған байланысты алаяқтяқ жиілеп кетті. Алаяқтар “Крыша.kz” немесе “Колеса.kz” сайттарында жылжымайтын мүлікті немесе автокөлікті сату туралы хабарландыру береді. Содан кейін сатып алушыларға «Мен басқа каладамын» дейді де, карт-шотқа төлем немесе жеке куәлік пен банктік деректерді жіберуді сұрайды. Алаяқтарға сеніп, адамдар өз деректерін жібереді, ал алаяқтар адамдардың жинақтарын өзіне аударады. Жақында алаяқтар бір қалалық тұрғынның банк картасынан 2 млн.800 мың теңге көлемінде жинақталған ақшаны шешіп алды. Сондықтан қырағы болу керек және өзіңізді алдауға жол бермеуіңіз қажет. Мұндай қылмыстарды шешу өте қиын, – дейді Данияр Қазкеев.

Алаяқтардың торына түспеу үшін онлайн-сатып алу кезінде әңгімелесушіге өзіңіздің жеке деректеріңізді жібермеу керек. Сонымен бірге сатушымен бейне байланыс арқылы қоңырау шалып, тауардың бар-жоғына көз жеткізу қажет.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша қажетті кеңесті 69 30 12 нөмірі бойынша алуға болады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *