Биыл Озерки ауылының тұрғындары көптен күткен жарықтандыруға ие болады

Осы жылдың мамыр айында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауылда жарықтандыруды орнату бойынша жоба іске қосылды. Мердігер мекеме – «СТИК СТАР» ЖШС. Қазіргі уақытта жұмыстардың 90% аяқталды. Тек жарықдиодты шамдарды орнату ғана қалды.

– Қазіргі уақытта ауылда жетіспейтін тіректерді орнату, кабельмен өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы 375 баған орнатылды, қазан айында жарықдиодты шамдарды орнатуды жоспарлап отырмыз. Жобаға 50-ден астам адам қатысады. Барлық материалдар Қазақстанда өндірілген, – дейді «СТИК СТАР» ЖШС техникалық директоры Дмитрий Яровой.

Желілердің ұзындығы 11 км 800 м құрайды, жобаның жалпы сомасы 67 млн 590 мың теңгені құрап отыр. Нысанды пайдалануға беру келесі айда жоспарланған.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *