Курчатовта халықтың қорғалмаған топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде

Бұл туралы толығырақ баспасөз мәслихатында Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский айтып берді.

 Қала басшысының ақпараты бойынша, жыл басынан бастап тұрғын үй көмегіне 12 отбасы жүгінді, төленген тұрғын-үй көмегінің сомасы 484,1 мың теңге (о.і. 78,6 мың теңге көп балалы отбасы). Ағымдағы жылы бірретік әлеуметтік көмекке 35 аз қамтылған отбасы жүгінді, көрсетілген көмек сомасы 2 232,6 мың теңге, оның ішінде 5 көп балалы отбасы жалпы сомасы 460,0 мың теңгеге және 277,0 мың теңге көлемінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған 3 отбасыға көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта Курчатов қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде бюджеттік ұйымдардан- 179 адам, халықтың әлеуметтік төмен деңгейінен – 110 азамат, көп балалы -14 отбасы, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығыңсыз қалған балалар – 39, жалғыз тұрғын үйі аппаттық болып танылған – 6 адам тұр.         

«Уркер Восток» ЖШС жеке құрылысшысымен 2 тұрғын үй қалпына келтірілді. Облыстық бюджеттен 64 пәтерге 237,492 млн. теңге бөлінді, осы пәтерлермен ең алдымен кезекте тұрған көп балалы отбасылар қамтылатын болады.

Көп балалы, толық емес отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларды «Қазақстанның Жилстроисбербанк» АҚ желісі бойынша «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қамтамасыз ету жоспарлануда. Осылайша 2019 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған санаттар бойынша 6 отбасы екінші нарықтан тұрғын үй сатып алды. Осы жылдың басынан бастап ТҮКШ бөлімі  СУСН кезегінде тұрған кезектілерге «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін Семей қаласының ЖССБ 7 бағыттама берілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың басынан бастап 3 көп балалы отбасы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтылды.

Сонымен бірге Курчатов қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету бойынша дайындықтар жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы тұрғын үй енгізу жоспарланбады.

ЖТҮҚ жер телімінің инженерлік инфрақұрылысын қамтамасыз ету мақсатында, сумен қамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету, кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге жобалдық-сметалық құжаттамалар әзірленді. Тұрғын үйлердің құрылысы сумен және кәрізбен қамтамасыз ету жобалары іске асырылғаннан кейін жоспарланатын болады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *