ШҚО Шемонаиха ауданының көп балалы отбасылары тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілуде

Бұл туралы аудан әкімі Григорий Акулов баспасөз мәслихаты барысында айтты.

Оның айтуынша, ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлуге кезекте 35 көп балалы отбасы тұр, оның 19-ы Шемонаиха қаласында, 5 отбасы Первомайский кентінде, екі отбасыдан Усть-Таловка, Октябрьское және Рулиха ауылдарында, бір отбасыдан Верх-Уба, Сугатовка, Зевакино, Выдриха, Березовка ауылдарында.

– Шемонаихада қаласындағы алты отбасыға жекешелендіру құқығынсыз тұрғын үй берілді. Ағымдағы жылдың тамыз айында тұрғын үйлері апатты деп танылған және кезекте тұрған көп балалы отбасылар үшін Верх-Уба ауылында 2 жеке тұрғын үй сатып алынды. Екінші жартыжылдықтың басынан бастап екі пәтерлі алты жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оларды желтоқсан айында тапсыруды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айында Шемонаихада                 «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, – деді Григорий Акулов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *