ШҚО Шемонаиха ауданында коронавирусқа қарсы күрес шаралары белсенді жүргізілуде

Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов Татарстан Республикасы мамандарының ұсыныстарына сәйкес қызметкерлер мен пациенттерді бағыттау, медициналық қалдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын кәдеге жарату, ағымдағы дезинфекция жүргізу мәселелері қамтылған эпидемияға қарсы қауіпсіздіктің кешенді шаралары қолға алынғанын атап өтті.
Аудан басшысының айтуынша, аудандық аурухана базасындағы барлық бөлімшелерде оттегі жеткізу жүйесі орталықтандырылған, өнімділігі минутына 30 литрлік оттегі станциясы орнатылған. 8 шлюз орнатылды, 20 төсек-орынға арналған буферлік аймақ дайындалды. Облыстық бюджет қаражатынан 5 ӨЖЖ аппараты, 6 оттегі концентраторы, жедел жәрдем машинасы алынды. Аудан демеушілері 1,2 млн теңгеге дәрі-дәрмек, сондай-ақ 7 дана пульсоксиметр сатып алуға көмек жасады. Қазір Шемонаиха ауданында 2 айға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар. 40 төсек-орындық инфекциялық бөлімше жұмыс істейді.
40 орынға арналған екінші инфекциялық бөлімше Усть-Таловка кентіндегі дәрігерлік амбулатория базасында орналасқан.
– Жергілікті бюджет қаражатынан әр палатаға оттегі желісін жүргізуге, сондай-ақ дәрі-дәрмек сатып алуға 4,8 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, “Шығыстүстімет” ЖШС кәсіпорнына осы мекемеде орнатылған оттегі станциясын сатып алғаны үшін алғыс айтқым келеді, – деп атап өтті Григорий Акулов.
Сонымен қатар, ауданға республикалық бюджеттен медициналық жылжымалы кешен келіп түсті. Енді осының арқасында аудан тұрғындары үшін тегін флюорографиялық, гинекологиялық және зертханалық тексеру, УДЗ және басқа да қызмет түрлері қолжетімді болады.
9 қазаннан бастап Выдриха ауылында “Уба” шипажайы базасында 100 орындық карантиндік стационар жұмысын бастады. Онда ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы келген барлық адамдар COVID-19-ға зертханалық зерттеулер жүргізу үшін оқшауланады. Григорий Акуловтың айтуынша, бір ай ішінде карантиндік аурухана арқылы 837 адам өткен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *