ШҚО Бесқарағай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қалай жүзеге асырылуда

«ADALDYQ ALAŃY» жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдар жұмысының жеделдігін, ашықтығын және айқындығын арттыру мақсатында Бесқарағай ауданында «Аshyq ákimdik» фронт – кеңсесі құрылды.

«Аshyq ákimdik» фронт-офисі «Open space» форматында жұмыс істейді. Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Алмагүл Әлімбаеваның айтуынша, мұндай жобалар азаматтар мен атқарушы билік органдары арасындағы көпір болып табылады.

– Біз барлық жағдайды жасадық: жұмыс орындарын, келушілер үшін ыңғайлы күту аймағы мен балалар ойны орнын жабдықтадық, ақпараттық стендтер орнаттық. Артықшылығы сол, егер мәселе бір құрылымдық бөлімшенің көмегімен шешілмейтін болса, онда дәл сол бөлмеде көмек көрсете алатын басқа бөлімнің өкілі орналасқан. Осының арқасында бөлімдердің өкілдері бір-біріне шексіз қоңыраулар шалып, кабинеттерге кіріп-шығып жүрместен, жедел және сапалы түрде әрекет ете алады, – деді Алмагүл Әлімбаева.

Осы алаңда аудан тұрғындары үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала және басқа да мәселелер бойынша бір жерден кешенді көмек көрсетіледі.

– Сондай-ақ фронт-офисте аудан әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдайды. Бірақ, коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты барлық кездесулер онлайн режимге ауыстырылды. Жыл басынан бері барлығы 14 қабылдау өткізіліп, 80 өтініш келіп түсті. Олар абаттандыру, сумен жабдықтау, тұрғын үй, жолдарды тазарту, жер қатынастары, білім беру және жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты болды.

Сонымен қатар, бірінші қабатта 10 ауылдық округ әкімі, 2 дербес бөлім басшыларының кабинеті және 12 жалпы білім беретін мектеп директорлары орналасқан. Алмагүл Әлімбаеваның айтуынша, әкімдіктің дербес бөлімдері орналасқан жеке әкімшілік ғимарат бар.

– Бөлім 1 қабатта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтің 83 түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы – 67 қызмет. Бірінші қарашадағы жағдай бойынша 30 мыңға жуық қызмет көрсетілді, оның ішінде 29 мыңға жуық қызмет электрондық форматта.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *