Халықтың саулығы үшін

Шығыс Қазақстан облысының аумағында COVID-19 инфекциясының таралуының салдарынан орнаған  эпидемиологиялық ахуалға байланысты мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Күнделікті мекемелер мен нысандарда эпидемияға қарсы шаралардың қабылдануын қадағалау бойынша ред жүргізіледі. Санитарлық талаптарды орындау, ең бірінші кезекте, халықтың саулығы үшін қажет.
Облыс орталығында шектеу режимін бұзудың 3 фактісі тіркеліп, қоғамдық орында медициналық маскасыз жүрген 2 тұрғынға және маскасыз жұмыс істеген «Royal Petrol» ЖҚС кассиріне қатысты 3 хаттама толтырылды.
Жарма ауданында Ассорти» дүкенінде 1 ереже бұзушылық анықталып, жеке тұлғаға  41 670 теңге айыппұл салынды.
Риддер қаласында 5 рейд өтіп, 68 нысан тексерілді, нәтижесінде 4 дүкенде ереже бұзу фактілері тіркелді: «То, что надо», «Шанс», «7 шагов», «Елена».  Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 166 680 теңге.
Бесқарағай ауданында – маскалық режимді бұзу бойынша 3 факті. Жеке тұлғаларға  125 010 теңге айыппұл салынды.
Зайсан ауданында 21 нысанда рейд жүргізіліп, 1 хаттама толтырылды. Шілікті ауылының тұрғыны Д. Қазиевке маскалық режимді бұзғаны үшін 41 670 теңге айыппұл салынды.
Аягөз ауданында 3 ереже бұзушылық тіркелді. Ақтоғай кентінің тұрғындары Г. Жарылқасымова мен Г.Сейлхановаға  және Қарағаш ауылындағы «Асем» дүкенінің қожайынына жалпы сомасы  402 810 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *