Семейге жұмыс сапарымен ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нурбаев келді

Жұмыс сапары барысында болашақта Қазақстандағы өте қуатты және заманауи зауыт болатын май дақылдарын өңдеуге арналған майды экстракциялау зауытында болды. Зауыттың күнбағыс, рапс, соя, зығыр дәндерін қайта өңдеуде Орталық Азияда флагманы болуға мүмкіндігі бар. Зауыттың қуаттылығына тоқталатын болсақ, жылына 150 000 тонна өсімдік майын, 120 000 тонна күнбағыс ұнтақтарын, 50 000 тонна күнбағыс қабықтарынан отын түйіндерін және 1 300 тонна фосфатты концентрат шығаратын болады.

Құрылысты аяқтау және оны жұмысқа қосу осы айда жоспарлануда. Сондай-ақ, зауытпен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы ең үлкен және қазіргі заманғы элеватор құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорынның бос өндірістік алаңдарының сақтау көлемі 60 000 тонна астыққа есептелген. Бұл жоба келісілген мерзімде аяқталатынына және Қазақстан әлемдік деңгейдегі экологиялық таза өнімдерді шығаратын зауытты алатынаны сенімдіміз. Құрылыс бойынша бас мердігер «Азия» ЖШС, бұл бірінші жобасы емес, осыған дейін жүзеге асырған жобалары сенімділіктің кепілі.

Осындай жоғары сапалы күнбағыс майын шығаратын зауыттың Орталық Азияда теңдесі жоқ екенін атап өткен жөн. Жобаның басты мақсаты жоғарғы технологиялық, май дақылдарын қайта өңдеу бойынша максималды автоматтандырылған зауыт құру. «Qazaq Astyq Group» ЖШС “Elica”, “Maysilo”, “Tan” әлемге әйгілі брендтерінен соңғы үлгідегі технологиялық қондырғыларды сатып алды. Кәсіпорында өзінің химиялық және дайын өнімдердің әлемдік стандартқа сәйкестігіне қатаң бақылау жүргізетін зертханасы болады.

– Зауыт құрылысы былтырғы жылғы сәуірде басталған. Қазіргі уақытта жұмыс 70 % аяқталды. Электр және автоматика жұмыстарын ғана аяқтау қалды. 2021 жылғы мамырда жобалық қуаттылыққа шығамыз деп үміттенеміз. Бүгін бізде май шығару цехының жұмысы аяқталды, экстракция 90 % аяқталды, элеваторды біз 15 желтоқсанда іске қосамыз. Зауытта 250 адам жұмыс істейтін болады. Біз штатты құрып қойдық, қазір 150 адам жұмыс істеуде. Ақпан айында штат толықтай топтастыралады деп ойламын. Біз аграрлық шаруашылықтармен байланыс орнатудамыз. Енді олар өнімдерін өткізуге жүз пайыз сенімді. Сондай-ақ, біз оларға жоғарғы көлемде өнім алу үшін егу жұмыстарын қалай жүргізу кажеттігі туралы кеңестер берудеміз. Зауытқа қандай шикізат әкелетіні біз үшін өте маңызды. Француздық компаниямен ШҚО үшін дақылдар шығару туралы келіссөздер жүргізудеміз. Әкімшілікпен дақылдар қоры үшін жерлер бөлінген – дейді зауыт директоры Еркинбек Дускужанов.

Атқарылған жұмысты Ержан Нурбаевта жоғары бағалады.

– Менде өте жақсы әсер қалды. Маңызды нысан, көп нәрсе жасалынғаны көрініп тұр. Осындай ірі жобалар облысымызға қажет деп ойламын. Осындай қуаттылықтағы зауыт құрылысы Предгорный кентінде де жүргізілуде. Бұл екі зауыт іске қосылған кезде біздің барлық шикізатымызды өңдей алады. Сонымен қатар, біз өз өнімдерімізді ешқайда сатпаймыз, бұл менің ойымша, ең дұрыс және ақылға қонымды шешім. Бірінші кезеңде жұмыс көп қаржыландыруды қажет етеді, содан кейін ғана ол өз нәтижесін береді, ең бастысы, бұл ауылшаруашылық тауар өндірушілерін өнім сапасын арттыруға итермелейді, сәйкесінше, бәсекелестік пайда болады, бағасы өседі және импорт алмасу пайда болады. Бүгінгі күні ШҚО-да Қазақстан бойынша күнбағыстың 66 % өндіріледі. Аталған екі зауыттың іске қосылуымен жалпы өндірістің көлемі Қазақстан бойынша 50 % болады. Үлкен жұмыс атқарылған, жақын уақытта зауыт іске қосылады. Бұл қала құраушы кәсіпорын болады, қосымша жұмыс орындары ашылады – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы негізгі күнбағыс дақылдарын шығарушы және өсімдік майын шығарушыларға шикізат негізгі жеткізушісі болып табылатынын айтып өткен жөн. Облыс Қазақстан бойынша жалпы тазартылмаған май көлемінің 80%-ын және тазартылған майдың 50%-ын өндіреді. Жыл сайын облысымызда 380 мың гектар жерге

күнбағыс егіледі. Аймақ сонымен бірге тікелей Ресей Федерациясының ірі аграрлық аймағы – Алтай өлкесімен шекараласады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *