ШҚО Аягөз ауданында жылдамдығы жоғары интернет желісін тарту жұмыстары жалғасуда

Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов Мемлекет басшысының қалалар мен аудандардағы интернет байланысының сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы айтты.

Қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру үшін оқушылар мен педагогтар үшін интернетке тұрақты және жылдам қосылу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, Аягөз ауданының әкімі бүгінгі күні интернеттің сапасын жақсарту, сондай-ақ бұрын-соңды болмаған елді мекендерге желі жүргізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Біз мобильді операторлармен келіссөздер жүргіздік. Биыл Малкелді, Тарбағатай және Майлин ауылдық округтерінде 4G, 3G желілері орнатылды. Сондай-ақ, Мыңбұлақ ауылында антенналар орнату жұмыстары жүргізілуде. Қарағаш және Емельтау ауылдық округтерінде интернетке байланысты мәселелер шешілуде. “Транстелеком” келісімі бойынша Тарлаулы ауылының әкімшілік ғимараттарынан басқа 70-ке жуық тұрғын жылдамдығы жоғары интернетпен және сапалы теледидармен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 100 – ден астам аула қосылмақ, – деп атап өтті Сейілбек Ысқақов.

Қазіргі уақытта Аягөз ауданы бойынша “Қазақтелеком” АҚ талшықтық-оптикалық байланыс желісіне Байқошар, Малкелді, Мәдениет, Өркен, Айғыз және Нарын сияқты ауылдық округтер қосылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *