Аягөз ауданында ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Бүгінгі күні Аягөз ауданында 50 ауылдық елді мекен бар. Аягөз ауданы әкімінің айтуынша, оның 39-ы ғана сумен қамтылған, ал 30 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

– Сумен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мысалы, Ақшаулы ауылында су тарту және су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде, жоба бойынша 16.4 км су құбыры желілері салынды, ал ауыз су тәулік бойы беріледі. “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша Батпақ елді мекеніндегі ауыз су құбырына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ал Ақтүбек, Ақклет, Қопа, Қарабұлақ және Желдіқара ауылдарында Блокты-модульді станциялар орнатылды, – деп атап өтті Сейілбек Ысқақов.

Сондай – ақ, Байқошқар және Қорық ауылдарында Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен су тарту және су құбыры желілерінің құрылысы келісілді. Жоба сараптамасын алу мерзімі ағымдағы жылдың соңына белгіленген. 2021 жылы Ай, Ақтас, Биесимас, Ортаарал, Ақшоқы және Ескенебулаги ауылдарында Блокты-модульді станцияларды орнату жоспарлануда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *