ШҚО Аягөз ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлауда

Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов баспасөз конференциясы барысында айтты.

Тұрғын үй кезегінде тұрған Аягөз ауданының тұрғындары пәтер кілттерін ала бастады. Аягөз ауданы әкімінің айтуынша, тұрғын үй «Нұрлы жер» және «Бірқабатты Шығыс» бағдарламалары аясында салынған.

– «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Аягөз қаласында бес қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің кілті беріледі. Көпбалалы отбасылар «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен салынған 10 екі пәтерлі үйден өз баспаналарын ала бастады. Аталған үйлер толықтай пайдалануға берілгеннен кейін, кезекте тұрған 1162 адамның 140 адамы тұрғын үймен қамтамасыз етілмек, – деді Сейілбек Ысқақов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *