Семейде облыстық бас санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтау бойынша тамақтандыру нысандарына тексеру рейдтері жалғасуда

Жұмылдыру тобының құрамына жергілікті атқарушы биліктің, құқық қорғау органдарының және санитарлы-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері кірді. Кезекті рейд барысында “Ваниль” кафесінде отбасылық шара өткізуі анықталды. Мекеме әкімшілігі есікті ашудан бас тартты. Мекеме иесі құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен әңгімелесу барысында ол оның жеке меншігі екенін айтты. Оның айтуынша, ол өзінің туыстарымен жай ғана кешкі астанған. Алайда, жұмылдыру тобының өкілдерін ішке кіргізбеді. Салтанатты тек бір сағаттан кейін ғана, кафеден қонақтар шыға бастағанда ғана тоқтату мүмкін болды.

Бұл жерде қазіргі тиымға қарамастан құда күту жүргізілген.

– Бұл жерде шамамен 80-90 адам және мекеме иесі қонақтарды зорлықпен ұстаған. Құқық қорғау органдарын және жұмылдыру тобын бақылаған. Біздің мақсатымыз – пандемиямен күресу. Сондықтан, облыстық бас санитариялық дәрігерінің қаулысын сақтау бәрімізге ортақ. Қазір адамдар өз бизнестерін әрекет етуші шектеу шараларына бейімдейтін уақыт – дейді “Шығыс – Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт.

Енгізілген талаптарды өрескел бұзғаны үшін мекеме иесін 1600 АЕК көлемінде айыппұл күтуде. Әкімшілік кодексінің 425-бабына сәйкес мекеме иесіне және ұйымдастырушыға материал толтырылды, сондай-ақ мекеме иесі ҚР ҚК 131-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазан айының басынан бастап жұмылдыру тобымен 236 бұзушылық анықталды, 131 адам жауапкершілікке тартылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *