Үржар ауданында көпбалалы ана өз кәсібін дамытуда

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән қойылып, халықтың кәсіп бастауына бар жағдай жасалынған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында азаматтар кәсіптік оқытудан өтіп, мемлекеттік грант ұтып алалады. 2020 жылдың өзінде Үржар ауданында 110 адам 60,4 млн теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.

Өз кәсібін домалатып отырғандардың бірі – Үржар ауданы, Барқытбел ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Динара Домбаева. Ол 2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері оқуын аяқтап, жылыжай ашуға 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант алды. Құрылысқа керекті жабдықтарды Ресейден алдырып, сапалы матариалдардан жылыжай салып шықты. Өткен маусымда біріңғай қияр егіп, өнімін сатып, жақсы табысқа кенелді. Көпбалалы ана шағын кәсіппен шектелмей, 2020 жылы ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры арқылы сәуір айында омарта шаруашылығын дамытуға 2 млн. теңге несие алады. Бүгінгі күні Динара Шәкіржанқызы 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

– 2019 жылы отбасыммен қаладан ауылға кәсіп бастау мақсатында көшіп келдік. Мақсатым омарта шаруашылығын қолға алу еді. «Бизнес бастау» жобасы бойынша білімімді жетілдірген соң, мемлекеттік бағдарлама аясында грант ұтып алуым, кәсіп бастауыма үлкен демеу болды. Мемлекетімізде кәсіп бастау үшін барлық мүмкіндіктер жасалған, – деді көпбалалы ана.

Айта кету керек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асады. Оған 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатыса алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *