Семейде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау кампаниясы жалғасуда

Бүгінгі таңда Семей қаласындағы № 3 емханада 11 мыңнан астам адам вакцина алды. Бұл туралы онлайн-брифингте №3 емхананың алғашқы медико-санитарлық көмек бөлімшесінің меңгерушісі Гүлжан Шлясова мәлімдеді.

–           Өздеріңіз білетіндей, 1 ақпаннан бастап КВИ-ға қарсы вакциналау басталды. Бүгінгі таңда біздің емханада бірінші компонентпен вакцинацияланғандардың саны 10 700 адамнан асады. 8 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін алды. Вакцинациялау қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта вакцинациялау Спутник V вакцинасымен екі кезеңде жүргізілуде. Вирустың таралуы азаймағанын ұмытпауымыз керек, сондықтан барлығыңызды вакцина алуға шақырамын, – деп қорытындылады Гүлжан Шлясова. Семейде короновирус инфекциясына қарсы вакциналау кампаниясы жалғасуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *