Жаңа оқы жылының басталуына бір аптадан сәл артық күн қалды

Семей аймағындағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы онлайн-брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мәлімдеді.

Қалада оқушыларды қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта электронды түрде жүргізілді, бірақ кейбір ата-аналардың  құжат тапсырып үлгермеулеріне байланысты, 1 тамыздан бастап құжаттарды қағаз жүзінде қабылдау жалғасты. Бүгінгі таңда болашақ бірінші сынып оқушыларының саны 5100 бала, тағы жүзге жуық бала күтілуде. Оқушылардың саны 1500 оқушыға өседі деп күтілуде.  

–           Биылғы жылы бірінші сыныпқа баратын оқушылар үшін, балалар өздерін оқушы ретінде сезінуі үшін «Алғашқы қоңырау» мерекесі өткізіліп, әліппелер табысталады. Ал қалған сынып оқушыларына Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған сабақ өтеді. Білім беру мекемелерінде жаз мезгілінде ағымды және күрделі жөндеу жүргізілді. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап барлық білім беру нысандары үшін әрқайсысына жеке қаржыландыру белгіленген. Яғни, қаржыландыру оқушылар санына байланысты. Көптеген мектептер терезелерін, кіреберіс есіктерін, жылу жүйесін, шатырлары мен санитарлық желілерін ауыстырды. Білім беру бөлімінде құрамына ата-аналар, депутаттар кірген комиссия құрылды. Олар мектептер мен бала-бақшаларды аралап, жаңа оқу жылына дайындықтарын тексеруде, – деді Наталия Фесенко. 

Білім мекемелерінің антитеррорлық қорғанысына басты назар аударылуда. Бүгінгі таңда барлық мектептер мен бала-бақшаларға жедел басқару орталығына тартылған бейнебақылау орнатылды. Турникеттер қойылды, ол арқылы балалар карточка арқылы өтеді. Осылайша, қауіпсіздік мақсатында ата-аналар балаларының жүріс-тұрыстарын бақылай алады. 

–           Терроризмге қарсы қорғанудың тағы бір шарасы ведомстволық емес күзет қызметтерімен келісімдер жасау болды. Бұл әр мектепті жеке қаржыландырмен болады, яғни, күзет ақысы ата-аналар есебінен болмайды. Сонымен қатар барлық мектептерде дыбыстық хабарлама қондырғылары орнатылды. Жалғыз шешілмеген мәселе, ол – мектеп аумағының қоршаулары. Яғни, мектеп аумақтары қоршаулы болуы қажет, онда бөгде адам жүрмеуі керек. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Жаңа қаржыландыру бөлінгенде осы мәселе шешіледі. Әзірше мектеп аумағындағы қауіпсіздік мәселелері ведомстволық емес күзет қызметімен жүзеге асырылады, – деп қосымшалады Наталия Фесенко. 

Білім мекемелерінің жұмыстары барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілетін болады.

–           Сонымен қатар, өткен оқу жылы онлайн режімде жүргізілгендіктен бірқатар олқылықтар бар, оларды бүгінгі таңда шешу қажет. Балалардың өткен  бағдарламаларды игеруі бойынша білімдерін анықтау мақсатында мектептерге нөлдік бақылау жүргізуге ұсыныс берілді. Жыл басынан бастап оқу бағдарламасына да өзгерістер енгізілетін болады. Жалпы, мектептер жаңа оқу жылына дайын, – деп қорытындылады Наталия Фесенко.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *