Вакцинация деңгейі 90,4% құрады

KAZ Minerals Тобының құрамына кіретін «Шығыстүстімет» ЖШС-де қызметкерлердің 90% астамы вакцинацияның бірінші кезеңінен өтіп үлгерді. Бұл шамамен 6400 адам.

Вакцинаның екінші  компонентін қабылдаған адамдар саны 3608. Бұл жалпы қызметкерлер санының 52%-на жуығы.

Шығыстүстіметтің өндірістік алаңдардағы мердігерлік ұйымдардың 2,5 мың қызметкердің 2000 вакцинацияның бірінші кезеңнен, 1 мыңнан астамы екі кезеңнен өтіп үлгерді.

 “Шығытүстімет” ЖШС – Қазақстандағы ірі мыс өндіруші – KAZ Minerals Тобының құрамына кіретін өндірістік компания. Ол өзінің өндірістік іс-қызметін ШҚО Глубокое, Шемонаиха және Бородулиха аудандарында орналасқан үш шахта мен екі кен байыту фабрикасында жүргізеді. Серіктестіктің құрамында бірқатар қосалқы және көмекші кәсіпорындар да жұмыс істейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *