Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында кіші мүйізді мал басының артуы байқалады

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Жарқынбек Байсабыров айтып өтті. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы ауылшаруашылық өнімі 22 314,8 млн теңгені құрады. Соның ішінде, өсімдік шаруашылығы – 12 706,7 млн теңге, мал шаруашылығы – 11 895,6 млн теңге. 

–           Ұсақ малды есептемегенде, жалпы мал басының өскені байқалады. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 106,1% құрады. Өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері, өткен жылмен салыстырғанда 104% өсті. Аудандағы 12 шаруа қожалық республикалық асыл тұқымды мал шаруашылығы палатасының мүшесі, олардың 9-ы ет өнімі бағытындағы ірі мүйізді мал өсіреді; екеуі – «Жабы» асыл тұқымды жылқыларын асырайды; бір шаруашылық «Байс»  тұқымды кіші мүйізді мал ұстайды, – деп мәлімдеді Жарқынбек Байсабыров.

Сонымен қатар, ауданның өнеркәсібін іске асыру мақсатында “Казникель” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен кобальт-никель өнімін өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта кәсіпорын 2022 жылға дейін Долон ауылдық округінде Горностаевское кен орнында Силикат кобальт –никель кендерін барлау жұмыстарын жүргізуде.

Әлеуметтік салаға тоқталатын болсақ, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға ерекше көңіл бөледі.

–           Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында 216 өтініш қабылданып, 209 отбасына, оның ішінде 962 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданып, 71909,0 мың теңге төленді. 19692,0 мың теңге сомада 129 отбасына кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалды. Үйде оқитын 18 мүгедек балаға 1084,0 мың теңге сомада материалдық көмек тағайындалды. Облыстық бюджеттен  әртүрлі санаттағы тұлғаларға атаулы даталар бойынша  27206,2 мың.теңге сомада қаражат бөлініп, игерілді, – деп қорытындылады Жарқынбек Байсабыров.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *