Семейде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша дөңгелек үстел өтті

Кездесу қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдау көрсетуімен, «Жастар және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық Ассоциациясы» Семей қалалық филиалының өкілдерімен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына шағын кәсіпкерлікті және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және қолдау жағдайларын қамтамасыз етуге арналған қалалық профильді ұйымдардың өкілдері; жастар арасында бизнес-жобаларына қолдау көрсететін кәсіпкерлік және ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, Семей кәсіпкерлері, қалалық мәслихат депутаттары және жастарға гранттық қолдау көрсететін үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. 

Отырыс барысында сарапшылар Семейдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту сұрақтарын талқылады.

–           Бүгінгі таңда кіші және орта бизнесті дамыту қала экономикасын дамытуда басты рөл атқарады. Ағымдағы жылдың бірінші қарашасындағы жағдай бойынша 26 762 бірліктегі кіші және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Әрекет етуші кіші және орта бизнес субъектілерінің саны 22 597 бірлікті құрайды. Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруларының көлемі қаңтар-қазан айлары аралығында 112 459 млн теңгені құрады. Кіші және орта бизнесті дамытуда 1649 жаңа жұмыс орын ашылды. Осы жылдың тоғыз айы бойынша негізгі капиталды инвестициялау көлемі 59 363,5 млн теңгені құрады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2025» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бастап 545 жобаға қолдау көрсетілді. 385 жоба субсидияланды. Субсидия соммасы – 576,4 млн теңге. Мамыр айы бойынша мемлекеттік гранттарды алудың облыстық конкурсына 33 бизнес субъектісі қатысты. Конкурс нәтижесі бойынша жеті жобаға жалпы сомасы 21,5 млн теңге берілді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында ағымдағы жылдың 10 айында 50 жобаға қолдау көрсетілді, – деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Әзімхан Арин.

Сонымен қатар, кездесу барысында әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі мақсаты кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы,соның ішінде әлеуметтік инновацияларды енгізу және әлеуметтік қызмет көрсетуде көмек көрсету екені аталып өтілді. Жалпы алғанда дөңгелек үстел әлеуметтік кәсіпкерліктің беделін және әлеуметтік бағдарланған қызметтің танымалдығын арттыруға бағытталған.

Іс-шара нәтижесі бойынша ұйымдастырушылар уәкілетті органдар мен құзырлы ұйымдарға ұсыныстар жолдайды.

 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *