Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “ІІ Қасымбаев оқулары”атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Іс-шараның мақсаты – XVIII-XX ғғ. басында саналы ғұмырын Қазақстан тарихын зерттеуге арнаған көрнекті ғалым Жанұзақ Қасымбаевтың мұрасын насихаттауға арналады.

Конференцияға Қазақстанның тарихы мен мәдениеті мәселелерін зерттеумен айналысатын жетекші ғалымдар мен мамандар қатысты. Іс-шараның құрметті қонағы Италиядан келген IMT-жоғары ғылым мектебінің “Мәдени мұраны талдау және басқару” бағдарламасының аспиранты Кристина Бекенова болды. Іс-шара барысында “Семей өлкесі: табиғат, тарих, мәдениет” I-ші облыстық Жастар ғылыми-өлкетану конференциясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конференция бір күн бойы онлайн және офлайн режимінде өтеді.

– Бүгінгі конференцияның мақсаты-ғалымдар мен студент жастар арасында тәжірибе алмасу. Таңертең іс-шара офлайн режимде өткізілді. Күннің екінші жартысынан бастап ZOOM платформасында онлайн-форматта “II Қасымбаев оқулары” секцияларының отырысы өтеді. Онда Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды қалаларынан, сондай-ақ ШҚО аудандарынан қатысушылар сөз сөйлейді. Жанұзақ Қасымбаев-еліміздің тарихын зерттеуге үлкен үлес қосқан адам. Ол  қазақ хандары, билер мен тұлғалар туралы тынымсыз жазған.  Сонымен қатар ол 8 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығының авторы. Бүгінгі авторлардың баяндамаларында Жанұзақ Қасымбаевтың тарихшы, қоғам қайраткері және жас ғалымдарды тәрбиелеген үлкен әріппен жазылған ұстаз ретіндегі сан қырлы тұлғасы ашылады. Жанұзақ Қасымбаевтың бүгінде бізбен бірге болмағанына қарамастан, оның еңбектері кеңінен насихатталып, сұранысқа ие болып келеді, демек, оның есімі тарихта мәңгі қалмақ, – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің Семей өңірінің тарих бөлімінің меңгерушісі Шынар Садықова.

Ж.Қасымбаев – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген білім қайраткері, “Парасат” орденінің иегері және көрнекті тарихшы Е. Бекмахановтың шәкірті, Қазақстан тарихының қалыптасуына елеулі үлес қосқан тарих ғылымдарының докторы, профессор.

1986 жылғы желтоқсан қозғалысымен туындаған қуғын-сүргінге қарамастан, ол жабық проблемаларды қайта жаңғыртқан және қазақ жерінің Ресей империясы құрамына кіруінің саяси астарын айқындаған көптеген жұмыстарды батыл жариялады. Сонымен қатар, Ж.Қасымбаев – Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың зерттеушісі. Бұл қадам ғылыми ортада Е.Бекмахановтан кейін бірінші болып осы тақырыпта монография жазған тарихшының еңбегі ретінде танылды.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *