Мәслихат депутаттарын полицияның сервистік моделімен таныстырды

Полицияның сервистік моделі-бұл полицияның, алдын алу субъектілерінің және қоғамның қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешу жөніндегі бірлескен қызметі. Қазіргі уақытта ШҚО-да 7 модульдік бекет іске қосылды. Оның бесеуі Өскеменде және екеуі Семейде орналасқан. Сондай-ақ бірінші учаскелік полиция пункті енгізілді.

Учаскелік полиция инспекторлары үшін сервистік қызмет көрсету шеңберінде негізгі міндет бекітілген әкімшілік учаскеде құқық бұзушылықтардың алдын алу болуы тиіс.

– Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті мемлекеттік басқару органдарын полицияның сервистік моделін масштабтауға тарту міндетін қойды. Бүгін біз қалалық мәслихат депутаттарын қызмет көрсетудің сервистік моделімен таныстырдық. Сервистік модельде басты миссия қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Сервистік полицияның жұмысын бағалау-құқық бұзушылықтарды анықтау емес, жолын кесу, көмек көрсетуге дайын болу және қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу үшін халықпен сенімді қарым-қатынас орнату,- дейді Семей қалалық ПБ бастығы полковник Шалқар Құнанбаев.

Учаскелік полиция инспекторлары тоқсан сайын халықпен есеп беру кездесулерін өткізеді. Онда өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешеді. Бүгінгі күні 1660 жиын өткізіліп, оған әкімдік, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *