Еліміздің барлық аймақтарында айтулы оқиға – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аталып өтілуде.

Осы уақыт аралығында Қазақстан халқы бастауында еліміздің бірінші басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрған, динамикалы, заманауи мемлекет құру үшін аянбай еңбек етуде.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарының белсенділері мен көшбасшыларының «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» облыстық байқауын өткізу жақсы дәстүрге айналды.
Биылғы жылы байқауға 250-ден астам облыстың жас лидерлері мен белсенділері қатысты. Олардың барлығы – жалпы білім беретін мекемелердің 8 – 9 сыныптардың оқушылары, нақтырақ айтсақ, аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары. Оқушылардың мұндай байқауларға қатысуы заңдылық, өйткені олардың барлығы патриоттық рухпен, ұлттық бірейлігімен мемлекеттің қауіпсіздігін, тұрақтылығын, тәуелсіздігін сақтау үшін белсенді және шешуші қадамдар жасауға дайын.
Тұңғыш Президент Күні және Тәуелсіздік мерекесі – халықтың жарқын да тұрақты болашығы үшін, жас мемлекеттің көптеген сынақтардан және қиындықтардан сүрінбей өтуіне бар күшін салған Нұрсұлтан Назарбаевтың көлемді тарихи жетістіктерінің көрсеткіші.
Байқауға қатысқан әр команда Қазақстан тарихынан білімдерін көрсетті, сондай-ақ тәуелсіздік жолындағы ғасырлық күрес, қазақ жерін сақтап қалу және бірлік туралы қойылымдар ұсынды. Балалар билер мен батырлардың кейіпін киіп, ұрпақтарының бейбітшілік пен келісімде өмір сүрулерін армандаған белгілі тарихи тұлғалар туралы айтты. Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібектің, «Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторы, қазақтың ұлы үш билерінің бірі Төле бидің, белгілі қазақ батырларының, ұлы ақын Абайдың, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің, Әл-Фараби және Ахмет Байтұрсыновтың өмірлері туралы сахналық көріністер қойды. Байқауға қатысушылар Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда болған маңызды тарихи оқиғалар туралы, жекелей алғанда «Алаш» ұлттық-азаттық қозғалысы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, Семей сынақ полигонының жабылуы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы айтты.
–        Біз осы байқауға үшінші жыл қатысып отырмыз. Биылғы жылы біз өз көрінісімізде, 1925 жылғы Дүниежүзілік сәндік өнер көрмесінде дауысы Парижді таң қалдырған, қазақтың ұлы әншісі Әміре Қашаубаевтың тарихын көрсетуді жөн көрдік. Сол уақытта Еуропа қазақтың халық әнін алғаш естіген болатын. Әміре Қашаубаевтың туа біткен таланты әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдаушылардың жүректерін жаулады, – деді облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Полина Акентьева. – Біз үшін байқау – маңызды. Біз бір ай көлемінде жан-тәнімізді салып дайындалдық және бүгін жүз пайызға күш салдық. 
Байқауға қатысушыларды құрамына жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, ғылыми өкілдері мен шығармашылық интеллигенциясы кірген қазылар алқасы бағалады. Олардың ойынша, барлық командалар жоғарғы дайындықтарымен ерекшеленеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жалпыкомандалық есеп бойынша анықталды. 
Жалпы командалық есепте «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасы байқаудың Гран-При жүлдесін жеңіп алды. Бірінші орынды Күршім және Алтай аудандарының командалары иеленді. «Күміс» жүлдені Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының командасы, сонымен қатар Аягөз ауданының командасы жеңіп алды. Үшінші орынға – Жарма, Зайсан аудандарының, Өскемен, Риддер, Семей қалаларының, сондай-ақ Шоқан Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған еолер мектеп-лицей-интернатының командалары көтерілді.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *