Семейде «Jolaman» жаңа көтерме-тарату орталығы ашылды

Орталықтың ашылу салтанатында Семей әкімі Бақытжан Байахметов нысан мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ашылғанын, сонымен қатар орталықтың қала үшін маңызды екенін атап өтті.

–           Бүгін біз қаламыз үшін маңызды нысандардың бірі – жаңа көтерме-тарату орталығының ашылу салтанатына жиналдық. Бұл нысанды ашу мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жоспарланған болатын. Бұл орталық тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жасалған, алдағы уақыттарда бұл жерде жәрмеңкелер өткізілетін болады, – деді Бақытжан Байахметов.

Сонымен бірге, қазіргі таңда орталық тиісті заманауи құрал-жабдыққа мұқтаж екені атап өтілді.

–           Бұл сауда саласындағы мүлдем жаңа үлгі. Көтерме-тарату орталығы қызметтің көптеген салаларын біріктіруді көздейді. Біз ауыл шаруашылығы министрлігінен және сауда министрлігінен қолдау күтеміз. Қазіргі уақытта біз заманауи құрал-жабдықтарға мұқтажбыз. Бізге рефрижераторлар, тоңазтқыштар және аймақтан-аймаққа жеткізу үшін вагондар жетіспейді. Сонымен қатар бізге ыдысты жабдықтар, картоп жинайтын машиналар, сұрыптау жабдықтары, жемісті шырынға өңдейтін және салат жасайтын мини-желілер және тағыда басқа жабдықтар қажет. Менің ойымша, орталықтың ашылуы – біздің аймақта ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді жандандырудың жақсы бастамасы, – деді Қазақстан сауда   кәсіпорындары қауымдастығының басшысы Жібек Әжібаева.

Сонымен қатар сауда туризмін дамыту жоспарда бар. Болашақта қалада сауда музейін ашу жоспарлануда.

–           Біздің қала, шын мәнінде Жібек жолында орналасқан. «Семей орманы» резерватының және ауыл шаруашылық министрлігінің қолдауымен біз орталық үшін 7 га жер алдық. Болашақта сауда туризмін дамытуды жоспарлаудамыз. Сонымен қатар, осы жерде сауда музейін ашайық деген ойымыз бар. Сондай-ақ осы орталықтың ашылуына көмектескен барша жандарға, министрліктердің өкілдеріне, банк қызметкерлеріне, қала және облыс әкімдіктеріне алғысымды білдіргім келеді, – деп қорытындылады «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбай.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *