Семейде жүкті әйелдер мен балаларды «Phizer» вакцинасымен вакцинациялау жалғасуда

Бүгінгі таңда Семей қаласындағы № 6 емханасында 269 бала мен 17 емізетін әйел вакцина алды.

–           Бізде 17 қарашадан бастап балалар мен жүкті және емізетін әйелдерді «Comirnaty» («Phizer») вакцинасымен вакцинациялау басталды. Бүгінгі таңда біздің емханамызда 269 бала мен 17 емізетін әйел вакцина алды. № 23, 28, 16, 43 мектептердің және колледж оқушыларына екпе қойылды. Вакцина алғандарда күшті жанама әсерлер байқалмады. Тек кейбіреулерінің ғана қолдары ауырды және 37 градусқа дейінгі дене қызуы байқалды, бірақта бір-екі күн ішінде бәрі қайтты. Қазір балалар өздерін жақсы сезінуде. Балаларды вакцинациялау қатаң түрде ата-анасының келісімімен жүргізіледі. Жүкті әйелдер короновирустан өте ауыр өтетіндеріне қатысты белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуімізге қарамастан қазіргі уақытта вакцина алудан тек жүкті әйелдер бас тартуда. Сондықтан өздеріңізді және өз балаларыңызды қорғап, вакцина алуға шақырамын, – деді емхананың бас дәрігері Ақтолқын Қаметова.

Өзінің вакцина алғаны туралы жас ана Қарлығаш Жұмаханова айтып өтті.

–           Мен жақында ана атандым, қазір нәрестеме үш ай болды. Өз денсаулығыма және баламның денсаулығына алаңдауыма байланысты, осыдан екі апта бұрын КВИ-ға қарсы вакцина алдым. Вирус қазір өте ауыр өтіп жатыр дегенді естіп вакцина алдым. Сонда мен ана сүті арқылы өз байымда қалыптасқан антиденелер балама беретінімді ұқтым. Яғни, егер менің балам ауырып қалса, онда ол, бойында антиденелер болғандықтан осы ауыруды жеңіл өткізеді. Вакцинация алғаннан кейін ешқандай жанама әсерлер болған жоқ, – деді Қарлығаш Жұмаханова.

Еске сала кетейік, «Pfizer» вакцинасының бірінші компоненті Семейге 17 қарашада келді. Вакцинация ерікті түрде және ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Вакцинацияға 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ жүкті және емізетін әйелдер жіберіледі. «Pfizer» вакцинасының құрамында короновирус бөлшектері жоқ екені белгіленуде. Вакцинация алғанда адам ағзасында антиденелер мен иммунитет қалыптасады және екпе алғанды КВИ-дан қорғайды.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *