ОСК төрағасы Семейде болды

Семей қаласына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров келді. Сапар барысында ОСК басшысы Достық ауылдық округі Шақаман ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті және жуырда өткен ауыл әкімдерінің сайлауын талқылады. Достық ауылдық округінде былтырғы жылы жазда өткен сайлау нәтижесі бойынша, сайлаушылардың 92% дауысын жинап, Нүркен Жарлыкенов әкім болып сайланды.

–           Өткен жылдың 25 шілдесінде Достық ауылдық округінің тұрғындары әкімді сайлады. Бұл тұрғындардың өз таңдаулары, олар өз кандидатына дауыс берді. Сайлау нәтижесі бойынша, 92% тұрғындардың дауысын жинап, Нүркен Жарлыкенов қайтадан әкім лауазымына сайланды. Бұл өте жоғарғы көрсеткіш. Сайлауға қатысудың маңыздылығын атап өткім келеді, сайлауда адамдар өз кандидаттарына дауыс беріп, өз таңдауларын жасай алады, – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

ОСК төрағасы сонымен қатар Шәкәрім университетінде болып, қала жастарының өкілдерімен кездесті. 

–           Бүгін ешқандай баяндама болмайды. Бүгін біз ашық әңгіме өткіземіз, – деді ОСК басшысы.

Нұрлан Әбдіров орталық сайлау комиссиясы жұмысының ерекшеліктеріне тоқталды және жастарды белсенділік танытып, сайлауда өз дауыстарын назардан тыс қалдырмауға шақырды.   

 

Жұмыс сапары барысында ОСК басшысы қоғамдық өкілдермен кездесті. Кездесу Абай атындағы театрда өтті. Бұл жерде Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарын қорытындылады және сайлауға қатысудың маңыздылығын атап өтті.

–           Мен бүгін маңызды тақырыптардың бірі – сайлау тақырыбын талқылауға жиналып отырған қауымға алғысымды білдіргім келеді. Біздің еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты екенін халықтың түсінгені өте маңызды, – деп түйіндеді ОСК төрағасы.

 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *