Семейде экологиялық акция басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялаған еді. Осыған орай, Семей қаласының барлық орта білім беру мекемелерінде “Балалар жылы” салтанатты түрде бастауын алды. Мақсаты- балалар арасында Қазақстан үшін маңызды құндылықтарды танымал ету.  Бұл күні Т. Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы билік өкілдерімен қатар, білім, мәдениет, спорт салаларында үздік атанған тұлғалармен кездесу өткізілді. Оқушылар танымал жандарға көкейкесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды. Шара соңында экологиялық акция негізінде мектеп ауласында түлектер 10 көшет отырғызды.

 

– Бүгінгі өтіп жатқан шаралардың барлығы болашақ ұлтжанды ұл мен өжет қызды тәрбиелеуге бағытталған. Өздері сусындап білім алған мектебіне деген құрметін түлектер көшет отырғызумен танытып жатыр. Болашақта бұл  үрдіс дәстүрге айналып, экологиялық акциялар жалғасын табатынына сенім білдіремін,-деді қалалық білім бөлімінің тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі Мадияр Байтабанов.

Айта кетейік, әлеуметтік желіден #балаларжылысемей хэштегін басу арқылы  өткен шаралармен толық танысуға болады.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *