Биыл жерге орналастыру жобаларын дайындау үшін 7,2 млн теңге бөлінді

Бұл туралы АКҚ өткен баспасөз мәслихатында қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов мәлімдеді.

– Осы жылға арналған бюджеттік сыныптаманың үш коды бойынша түсімдер жоспары мынадай: жер учаскелерін жалдау құқығын сату – 180,0 млн теңге; жер учаскелерін жеке меншікке сату – 200,0 млн теңге; жер учаскелерін пайдалану үшін төлем – 130,0 млн теңге, – деп хабарлады Құдайберген Сейілханов.

Сонымен қатар, жер қатынастары бөлімі бюджетке түсетін түсімдерді орындау бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы электрондық қызметтерді жүргізетін болады. Сауда-саттықтың осы түрін пайдаланц кезінде сатушы мен әлеуетті сатып алушылардың байланысы мүлдем болмайды. Демек бұл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының пайда болу мүмкіндігін болдырмайды. Сондай-ақ бәсекелестік деңгейін арттыра отырып, қатысушылардың кең ауқымын тартуға мүмкіндік береді. Аталған мәселе жер қатынастары бөлімінің тұрақты бақылауында.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *