ШҚО Шемонаиха қаласында 2,1 млрд теңгеге 8 жоба іске асырылатын болады

2023 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында 4,2 млрд теңгеге 60 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде 2,26 млрд теңгеге 29 мәселе ақпараттық-түсіндіру топтары шеңберінде шешілетін болады.

“Шемонаиха қаласында 2,1 млрд теңгеге 8 жоба жоспарланған. Яғни, аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу, Железнодорожный шағын ауданында 300 орындық мектеп салу, 60 пәтерлі тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылым құрылысын аяқтау, Железнодорожник шағын ауданының су құбыры желілерін реконструкциялау, көше жарығын орнату, жолдарды орташа жөндеу және тротуарды орнату”, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов.

Өзертулер мен жаңартулардан ауылдық округтер де шетте қалмады. Мысалы, Первомайский кентінде балалар алаңы, көше жарықтандыру құрылғысы және ҚТҚ контейнері орнатылады. Сонымен қатар кент сумен жабдықталып, демалыс орталығына су тартылып, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

“Камышинка ауылындағы мектептің электр сымдарына, Кенюхово ауылындағы сумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргіземіз. Зевакино және Убинка ауылдарына кіреберісті аббатандырамыз. Сондай-ақ, Межовка ауылында медициналық пункт салу және Зевакин ауылдық округіндегі А. Иванов атындағы мектепке жөндеу жұмыстары жоспарланған”, – деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, Рулиха ауылында Таловка өзенінен өткізетін және Березовка ауылындағы көпірлерді жөндеу жоспарланған.

“Ауданның үлкен экономикалық және рухани әлеуеті бізге халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі міндеттердің орындалатынына сенімділік береді”, – деді Г.Акулов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *