Жыл басынан бері ШҚО-да МӘМС аясында 7 мыңнан астам ота жасалды

2023 жылдың 1 тоқсанында Шығыс Қазақстан облысында халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің өсуі артты. Жыл басынан бері өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен 7 мыңнан астам ота жасалды, оның ішінде – 58 жоғары технологиялық медициналық жабдықтардың көмегімен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ШҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының директоры Нұрлан Кідірбаев айтып өтті.

“Сондай – ақ жыл басынан бері медициналық көмекті қаржыландыру көлемін жыл сайын ұлғайту есебінен 460 мың зертханалық зерттеулер, 207 мың аспаптық диагностика, 5 мыңға жуық КТ, 7 мыңнан астам МРТ жүргізілді”, – деді Нұрлан Кідірбаев.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 тоқсанында ШҚО – да тіркелген халық саны 738 мың 261 адамды, сақтандырылмаған адамдар саны-129 мың 419 адамды құрап отыр. Брифинг барысында 2023 жылға арналған ТМККК және МӘМС пакеті бойынша қаржыландыру 83,7 млн теңгені құрағанын, оның ішінде: ТМККК – 47,5 млн теңге, МӘМС – 36,1 млн теңге болғанын атап өтті. Ал амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 12,6 млрд теңге бөлінгенін, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 12,3 млрд, МӘМС – 0,3 млрд теңге екенін жеткізді. “Айта кету керек, Қор қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алудың кешігуіне жол бермеу үшін қаражатты алдын ала, аванстық төлемдер түрінде жібереді. Сонымен қатар, медициналық көмектің көлемін ұлғайтуға байланысты бұзушылықтар туралы да айтқым келеді. Ағымдағы мониторинг нәтижелері бойынша 1 тоқсанда Қор филиалының сарапшылары 0,43 млн теңге сомасына нақты көрсетілмеген қызметтердің (тіркеудің) 127 жағдайын анықтады”, – деп атап өтті ӘМСҚ филиалының директоры. Брифинг соңында Нұрлан Кідірбаев азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабардарлығы күн сайын артып келе жатқанын мәлімдеді. “Осыған байланысты 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығын құру туралы шешім қабылданды. Операторлар 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды және жауап береді. Сондай-ақ, балама арналар бар, мысалы: qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Ресми сайт fms.kz немесе @ Saqtandyrýbot Telegram – арқылы да сауалдарды жолдауға болады”, – деп түсіндірді филиал басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *