ШҚО-да қызылша ауруының 48 жағдайы тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында 2023 жылғы 30 қазанда қызылшаның 48 расталған жағдайы тіркелді. Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина айтып өтті.

– Науқастардың негізгі үлесі 85,4% – 14 жасқа дейінгі балалар (41 жағдай), 12,5%– ересектер (6 жағдай) және 2,1% – жасөспірімдер (1 жағдай) құрайды. Науқастар Глубокое, Зайсан, Ұлан аудандарында, Өскемен қаласында және Самар ауданында тіркелді, – деді С.Сләмғазина.

Аймақта қызылша негізінен вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркелуде. 48 жағдайдың 46-сы осы санатқа жатады.

-Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, 1006 адам медициналық бақылаумен қамтылды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 330 бала. Ауруға шалдықпас үшін қызылшаға қарсы вакцинация. Вакцинация ауруға қарсы иммунитетті қалыптастырады. Вакцинацияланбаған адамдарға қызылшамен ауырған жағдайда және қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда науқаспен байланыста болғаннан кейін 72 сағат ішінде вакцинация жүргізу ұсынылады,- деп атап өтті спикер.

Облыстың бас штаттан тыс иммунологы Иван Мещеряковтың айтуынша, бүгінгі таңда облыс қоймасында вакцинаның 24 мың дозасы бар. Балалар арасында сырқаттанушылықтың өсуі кезінде ана мен бала орталығының базасында арнайы палаталарға орналастыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі вакциналарды қосымша сатып алуды жүргізуде.

Облыстың бас педиатры Гүл Құсайынова қызылшаның жеңіл түрі дене температурасының 2-3 күн ішінде 38 градусқа дейін көтерілуімен, жеңіл жөтел арқылы сипатталатынын айтты.

-Орташа ауыр түрі жалпы интоксикация белгілерімен, 39 градусқа дейін қызбамен, жоғарғы тыныс жолдарының катаральды құбылыстарымен және конъюнктивитпен сипатталады. Барлық науқастарда Бельский-Филатов-Коплик дақтары анықталады. Ауыр түрінде 40 градусқа дейін гипертермия, сананың бұзылуымен жүйке жүйесінің зақымдануы байқалады. Бельский-Филатов-Коплик дақтары барлық науқастарда кездеседі, – деді ол.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *