Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында емхана салу жоспарланып отыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы биыл аудандық ауруханаға және ауылдық елді мекендердегі 6 медициналық мекемеге 610,4 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтты.

– Сонымен қатар биыл компьютерлік томограф сатып алуға 465 миллион теңге бөлініп, аппарат жыл соңына дейін орнатылады. Сондай-ақ алдағы жылдары Зайсан қаласында емхана және ауданның 3 ауылында медициналық нысандар салуды жоспарлап отырмыз, – дейді Аэлита Ахметсәлімқызы.

Одан бөлек, 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ биыл Зайсан қаласындағы М.Әуезов атындағы мектепке жаңа заманауи құрал-жабдықтар сатып алу үшін «Қазақстан халқына» қорынан 250 миллион теңге бөлінді. 2023 жылы 14 білім беру нысанында 211 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

– Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге «Іскер» бағдарламасы бойынша 36 жобаға 144 млн теңге, «Агробизнес» бойынша 2 жобаға 21 млн теңге несие берілді. Өңірдегі ауыл шаруашылығы ұйымдары түрлі қаржыландыру көздерінен 230 млн теңгеге 40 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын алды, – деді спикер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *