Уфада “Келешек бизнес көзімен” халықаралық бизнес апталығы басталды

Шығыс Қазақстан мен Башқұртстан Республикасы өнеркәсіп, IT-индустрия, ауыл шаруашылығы, атап айтқанда ара шаруашылығы салаларында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүддделі. Бұл туралы Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің “Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі” атты XIX өңіраралық ынтымақтастық форумында айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Уфа қаласында өтіп жатқан халықаралық бизнес апталығында бұл мәселелерді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен Башқұртстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ильшат Фазрахманов егжей – тегжейлі қарастырды.

ШҚО мен Башқұртстан үшін ара шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық өзара тиімді. ШҚО өкілдері Ресейдегі араларды генетикалық сараптау бойынша жалғыз зертханаға барды. Сондай-ақ тараптар экологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін де талқылады.

Тәжірибе алмасу аясында өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарына бару жоспарланып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *