Ауыл балалары ағылшынша сайрап тұр – ШҚО

Күршімдегі коворкинг орталығының есігі барлығына ашық. Бұл жерге мектеп оқушылары мен студенттер ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындары да көп келеді.

Орталықта адамдардың шығармашылықпен айналысуына, демалуына барынша жағдай жасалған.

Мұндағы ноутбуктар түгел интернетке қосылған. Кез келгенін пайдаланып жұмыс істей беруге болады. Кітапқа құмар жандарға рухани азық сыйлайтын мүмкіндік те қарастырылған. Сол сияқты ағылшын тілін үйренуге ниетті тұрғындардың қалауы ескерілген.

Бұған қоса коворкинг орталығында тұрақты түрде тренинг-семинарлар, мерекелік шаралар ұйымдастырылып, арнайы сабақтар, зияткерлік ойындар өткізіліп тұрады.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев орталыққа келіп жүрген балалармен жүздесіп, олармен ағылшын тілінде еркін сұхбат құрды. Оқушылар өздерінің алға қойған мақсаттарын айтып, қандай мамандық иесі болғылары келетінін өзге тілде жеткізіп, өңір басшысымен емен-жарқын сөйлесті.

Аймақ басшысы елдің болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін және көп тілді білудің артықшылығын атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *