Семейде жаңа сайт таныстырылды

        Қазақ гуманитарлық-заң университетінде қалалық туризм секторы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Семейде жаңа сайт таныстырылды

        Қатысушыларға Семей туралы жаңа сайт таныстырылды. Онда қала туралы барлық ақпарат ұсынылады. Сайтқа visitsemey.me. сілтемесі арқылы өтуге болады. Әзірге мұнда мағлұматтарға аз түсінік берілгенімен, жақында, сайт әр түрлі ақпаратпен толтырылатын болады. Аталмыш сайт жұмысымен туризм секторының өкілдері және жергілікті туристік операторлар айналысуда.

        – Сайт қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мұнда “сапарды жоспарлау”, “Блог”, “Немен айналысу” және “Қай жерде тоқтау” бөлімдері бар. Соңғысында жергілікті хостелдер мен қонақ үйлер туралы ақпараттар беріледі. “Блог” бөлімінде туризм секторы ұсынған материалдар орналастырылатын болады. Сондай-ақ, сайтта қаланың картасы орналастырылады. Адамдардың картаға қарап қана қоймай, оны смартфонға немесе компьютерге көшіріп алу мүмкіндігі болады. Мәдениет туралы бөлімде тұтыеушылар қаланың барлық көрікті жерлерін қысқаша сипаттамасымен және фотосуреттерімен көре алады. “Оқиғалар” бөлімінде афиша жұмыс істейді. Яғни, қаладағы барлық оқиғалар туралы білуге болады. Болашақта мобильді қосымшаны құру жоспарланып отыр, – деді сайтты әзірлеушілердің бірі Мақсат Әлібеков.

Семейде жаңа сайт таныстырылды

        Кездесуге қатысушылар сайтты әзірлеуге қатысты өз ұсыныстарын енгізді. Қалалық белсенділер Жасұлан Құрманғалиев қалалық ескерткіштерге QR-кодтарын орнатуды қайта құруды ұсынды.

        -Кез келген адам кодты тексеріп, сайтқа сілтеме бойынша өтіп, осы ескерткіш туралы барлық қажетті ақпаратты алуы үшін QR – кодтардың ескерткіштеріне орнатуды қайта бастау қажет, – деп атап өтті Жасұлан.

        Сонымен қатар, дөңгелек үстел соңында Қазақ гуманитарлық-заң университеті мен қалалық туризм бөлімі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

        Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *