2019 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті– Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялары тағайындалды.

        Семей қаласындағы Абай атындағы театрдың әртісі, жерлесіміз Бекен Имаханов мемлекеттік стипендия иегері атанды.

        Ол 60 жыл бойы Абай атындағы театрда еңбек етіп келеді. Бекен Имаханов 1936 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. 1959 жылы Алматы консерваториясын бітіріп, туған қаласына оралды. Сахнадағы ең алғашқы сомдаған рөлі-Ғ. Мүсіреповтің “Қозы – Көрпеш-Баян Сұлу”спектакліндегі Қодар еді. Әр жылдары Ақан, Бекжанның (“Ақан-сері – Ақтоқтв” және “Қыз Жібек”, Абай, Б. Момышұлы, Қобыланды және Кебек “Қарақыпшақ Қобланды” және “Еңлік – Кебек” бенефисіндегі) рөлін ойнады. 1971-1972 театр маусымында Имаханов Қазақ академиялық театрына шақырылды. Ұзақметражды “Шәкәрімнің соңғы күзі” фильмінде Шәкәрім бейнесін сомдады. Өзінің шығармашылық қызметінде ол біршама жас әртістерді тәрбиелеп шығарды. “Еңбек ардагері”, сондай-ақ “Ерен еңбегі үшін”медальдарымен марапатталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *