Семейде атаулы әлеуметтік көмекке тағайындауға құжаттар қабылдана бастады

        5 қаңтардан бастап халықты жұмыспен қамту орталығында атаулы әлеуметтік көмекке азаматтардың өтініштерін қабылдау басталды. АӘК халық ағымын реттеу мақсатында алфавиттік тәртіппен жүзеге асырылады. Халықты жұмыспен қамту орталығында 100 орындық күту залы ұйымдастырылған. Қабылдау 102, 104, 105, 106 кабинеттерде және акт залында жүргізіледі. Ауыл тұрғындарын әзірленген графикке сәйкес ауылдық округ әкімдері қабылдайды.

        -Атаулы әлеуметтік көмекке тағайындалуы үшін ең басты критерий – адамның жалақысы 21 300 теңгеден аспау керек. Егер азамат осы сомадан аз алса, ол осы көмек алуға құқылы, – дейді Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мурат Куржикаев.

        Барлық мамандар «E-Halyk» ақпараттық жүйесімен жұмыс істейді. Фойеде ақпараттық стенд пен теледидар қойылған, онда барлық қажетті құжаттар, өтінімдердің нысандары мен керекті құжаттар туралы ақпарат орналастырылған. Қала әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері, медицина қызметкерлері, патрульдік полиция және өрт сөндіру қызметі тартылды. Бірінші күнде 295 отбасы қабылданды, онын ішінде 69 көпбалалы жанұя. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін 27 өтініш қабылданып, учаскелік комиссияға берілді.

       Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *