Готовность региона к внедрению системы ОСМС обсудили в Семее

        1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігі негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған болып саналады және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық көмек пакетіне сүйенетін медициналық қызметтерді ала алады. Осы уақыт ішінде адамдар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуы керек.

        Сақтандыру пакетіне барлық жоспарланған медициналық қызметтер кіреді: оңалту және қалпына келтіру емі, мамандардың консультативтік-диагностикалық көмегі, стационарлық көмек, амбулаторлық дәрі-дәрмектер және басқа медициналық қызметтер. Кепілдендірілген тегін пакетке барлық жедел медициналық, паллиативті, алғашқы медициналық және жедел жәрдем көмегі кіреді. Сонымен бірге, созылмалы және қоғам үшін қауіпті аурулары бар пациенттер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға қарамастан, сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады.

        Жарналарды төлеуден азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты босатылады: балалар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, көп балалы аналар және тағы басқалар. Олар үшін медициналық сақтандыру қорына жарналарды мемлекет төлейді.

        Мамандар Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасында өткен жиында Шығыс Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша әзірлік туралы айтып берді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов аймақта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу үшін нормативтік-құқықтық база бекітілгенін мәлімдеді.

        – Еліміздегі міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде халықты медициналық көмекпен қамту шамамен 87% құрайды, Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 86,5% құрайды. Облыс халқының 13,5% шартты түрде сақтандырылмаған, бұл шамамен 184 мың адам. 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап мәртебесін жаңартуды қажет ететін 186 мың облыстың тұрғындарынан тұратын тізім анықталды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 34,4 мың адамды құрайды. Жұмыс жалғасуда. 86,5% шартты түрде сақтандырылған деп саналады. Мемлекет жәрдемдесетін азаматтардың 15 әлеуметтік санатына 722 мың адам кіреді. Тұрақты емес төлемдерге келер болсақ, өткен жылы Қор 43 мың салық төлеушіден 7,3 млрд теңгеден асатын аударымдар алды, – деді Ғалымжан Әбілов.

        Сонымен қатар, отырыста атап өтілгендей, Шығыс Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 100% тиімділікпен өтті. Барлық медициналық мекемелер интернетпен қамтылып, ақпараттық жүйелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Сантандыру» қорының ақпараттық жүйелерімен біріктірілген.

        Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін сатып алу жоспары өткен жылға қарағанда орта есеппен 28% -ға артты. Қаржыландыру өсімі оңалту емі, диагностика және басқа медициналық қызметтер түрлері бойынша байқалып жатыр.

        Естеріңізге сала кетейік, МӘМС сақтандырылған азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен асатын медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетін ұсынады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін азаматтардың әр қайсысы белгіленген мөлшерде медициналық сақтандыру қорына ай сайын жарналар мен аударымдар төлеуге міндетті.

        Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *