Семейдегі татар өнер мектебі жаңа ғимарат алады

        Жүз жылдан астам уақыт бұрын Абай Құнанбаев әлемдік классиктердің шығармаларын оқыған қоғамдық кітапхана болған, ал соңғы жылдары ЦентрКредит Банкі орналасқан ғимарат енді жас музыканттар үшін өз есігін айқара ашады.

        Ғимаратты Татарстан Республикасы 120 миллион теңгеге сатып алып, Татар өнер мектебіне тегін пайдалануға берді.

        Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Хак» қауымдастығының төрағасы Габдулхак Ахунжановтың айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнда өнер сабақтары басталады. Ғимараттың ауданы қазіргі кездегі мектептен бес есе көп.

        – Бүгін бізде керемет шара өтіп жатыр. Ақыры бүгін біз жаңа ғимараттың кілтін аламыз. Сәулеттік тарихи маңызы бар көне ғимарат бүгін Татар өнер мектебіне тапсырылады. Қазақстандағы жалғыз татар өнер мектебі жаңа ғимаратта өз жұмысын бастайды. Болашақта оқушылар саны мен оқытушылар құрамын көбейту. Жаңа филиал ашу. Енді біз бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. Шығармашылық қойылымдар залы ашылып, жабдықталады. Көп нәрсе жасалды, бірақ енді одан да көп жұмыс жасау керек, – деді Габдулхак Ахунжанов. – Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қолдауының арқасында біз бүгін жаңа ғимараттың кілтін алдық , – деді Ғабдулхак Ахунжанов. – Қазіргі уақытта татар өнер мектебі орналасқан ғимаратта біз татар мәдениеті мұражайын ашуды жоспарлап отырмыз.

        Семейдегі татар өнері мектебі 1992 жылы ашылды. Екі жастан 17 жасқа дейінгі 120-дан астам жас таланттар мұнда аккордеон, гитара, домбыра, флейта, фортепиано және скрипкада ойнауды үйренеді, теориялық музыкалық пәндердің, жеке және хор вокалының, хореографияның, сәндік-қолданбалы өнердің нәзіктіктерін үйренеді.

        Семей қаласының ақпарат орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *