Мәдени шаралар онлайн түрінде өтеді

Елімізде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында енгізілген төтенше жағдайға орай халық көп жиналатын фитнес- орталықтар, кинотеатрлар мен музейлер, басқа да көңіл көтеретін мәдени орындардағы шаралар онлайн түрінде өтетін болды. Абайдың қорық-мұражайы өкілдері республикада бірінші болып онлайн-лекция, 3D саяхаттар өткізуді қолға алды. Бұл жайында музейдің ресми сайтында жарияланды.

Абайтану кабинеті мен ақын музейінің арасындағы шығармашылық байланысты дамыту мақсатында Абай ауданының мектеп-лицейі бейне-сабақ ұйымдастырды. Танымдық сабақ аясында музей директоры Жандос Әубәкір оқушыларға хакімнің өмірі, әдеби мұрасы, ақындық айналасы туралы баяндап, балаларды музейдің құнды жәдігерлерімен таныстырды. Осындай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Бүгінгі күні онлайн-экскурсиялар өткізу тәжірибесі АҚШ пен Европаның ірі музейлерінде өткізіледі. Онда лекциялар ұйымдастырылып, ойындар, 3D саяхаттар интернет ресурстары арқылы ұйымдастырылады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *