Үржар ауданының көпбалалы аналары қолдан маска тігіп жатыр

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына және облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің аймақ тұрғындарына арнаған Үндеулерін Үржар жұртшылығы түсіністікпен қабылдады.
Үржар ауданы, Мақаншы ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Рысалды Мұхаметқалиева бастаған аналар қауымы көпшілік қауымға үлгі көрсетіп, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бірнеше мәрте пайдалануға болатын бетперделер (маскалар) тігіп беретіндіндерін жеткізді.
Аналардың бұл ұсынысына аудан әкімдігі бірден қолдау білдірді.  Тігілген бетперделер аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналар мен зейнеткерлерге тегін берілмек.
«Елімізге келген мұндай уақытша сынақты бірге еңсереміз. Тек ауызбіршілігіміз бұзылмасын» деді көпбалалы ана.
Рысалды Мұхаметқалиева аналардың мұң-мұқтажын шешуге атсалысып, белсенділік танытып жүрген жандардың бірі атап өткен орынды.
Қазіргі таңда Мақаншы өңірінде Рысалды бастаған көпбалалы аналар бетперде тігу жұмыстарын бастап кетті. Бұл игі бастамаға үржарлық нәзікжандылар қауымы да үлес қосуда.
Жалпы, ауданда коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша шұғыл әрекет ету топтары құрылып, барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып, жүзеге асыруда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *