Семейде бүгіннен бастап қосымша шектеулер еңгізілді

Сағат 00: 00-ден бастап Семейде қосымша шектеу шаралары енгізілді. Қаланың периметрі бойынша 8 блок-бекет орнатылды. Дәрігерлер, әскери қызметшілер және полиция департаментінің қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Бүгінгі таңда жүктердің белсенді қозғалысы Павлодар трассасында, сондай-ақ Өскемен мен Алматыға шыға берісте жүзеге асырылып жатыр. Олардың ешқайсысында «күдікті» жағдайлар тіркелген жоқ.

– Көліктің жиналуы жоқ,жүк тасымалы кедергісіз өтуде. Бүгінгі күні бір де бір блок-бекеттен температуралық аурулар немесе тағы басқа ауру белгілері бар адамдарды тіркеу туралы мәліметтер түскен жоқ. Бірде бір жағдай тіркелген жоқ. Бетпердесіз жүрген жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оларға 6 сәуірден бастап бетперде кию міндетті болады екенін түсіндіріліп жатыр, – деп Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков айтып берді.

Көліктің негізгі ағынын басқа қалалардан немесе елді мекендерден қайтып келе жатқан тұрғындар құрап отыр. Жұмыс бойынша ауылдан қалаға баруға мәжбүр болып жүрген адамдарға қатысты да қажетті шаралар қабылданатын болады.

– Бүгін кәсіпкерлермен мәселе шешіліп жатыр. Ауылдық жерлерде тұратын адамдар өз жұмысшыларының тізімін қалыптастырып, микроавтобустарды бекітіп, маршруттық парақты жасап жүр. Сол параққа сәйкес өз қызметкерлерін кәсіпорындарға әкелетін болады. Біз бүгін қызметкерлерді кәсіпорындарға жеткізуді барынша қамтамасыз етуге тиіспіз. Біздің кәсіпорындар барынша жұмыс істеп, тоқтап қалмауы керек. Бірақ қауіпсіздік туралы да ұмытуға болмайды, – деді қала әкімінің орынбасары.

Бүгінгі күні қалада 20-ға жуық ірі бизнес және 1240 шағын және орта кәсіпкерлік тіркелген. Халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін 6 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде «Шүлбі ГЭС», «Водоконал», «Теплокоммунэнерго» МКК және тағы басқалар. Егер қандай да бір себеп бойынша электр жарығы өшіріліп қалса, авариялық-диспетчелік бригада келіп, аварияны жояды.

Сондай-ақ, 6 сәуірден бастап қалада рұқсаттама бойынша қозғалу басталады. Жеке меншік секторлар мен ПИК-терде рұқсат қағаздарды тарату жұмыстары жүргізілуде. 9 сәуірден кейін режимді бұзушылар жауапқа тартылатын болады. Елімізде төтенше жағдай енгізу кезеңінде Семейде шамамен 15 заң бұзушылық тіркелді. Оларға қатысты шешімдер қабылданды: кейбіреулері айыппұл төлесе, басқалары қамауға алынды. Мониторинг күн сайын жүргізуліде.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *