ШҚО-дағы шаруа қожалықтары көктемгі егіс жұмыстарына дайын

Биыл өңірдегі шаруа қожалықтары өнімді молынан алу үшін 30 мың тонна көлемінде минералды тыңайтқыштарды сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев мәлім етті.

– Ағымдағы жылы өңірдегі егістік алқабының жалпы аумағы 1367, 3 мың гектарды құрайтын болады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 мың гектарға көп, – деді Ербол Қуанышев.

Облыстағы шаруа қожалықтарының меншігіндегі тракторлардың 98 пайызы көктемгі егіс жұмыстарына дайын. Сондай-ақ егістік алқаптарына қажетті техникалардың басқа да түрлері сақадай сай тұр. Брифингке қатысқан басқарма басшысының орынбасары осылай дейді.

– Биыл көктемгі егіс пен күзгі астық жинау жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен 5 миллиард 423,3 миллион теңге субсидия бөлінді, – деді Ербол Қуанышев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *