Семей қаласында санитарлық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тамақтану мекемелері жабылды

Семейде тамақтану орындарын тексеру рейді жалғасуда. Қоғамдық тамақтану орындарын кәсіпкерлік бөлімі мен санэпидемстанция өкілдері, және полицей қызметкерлері тексеруде. Рейд барысында жалпы 23 нысан тексерілді. Атап айтқанда, бетперде режимін бұзғаны үшін орталық базар ауданында мейрамханасы жабылды. Сондай-ақ, мейрамхананың даяшыларында қолғаптар жоқ, қызметкерлердің дене қызуын өлшейтін термометр жоқ, дезкілем де жоқ болғаны анықталды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал мейрамхана жанындағы жазғы кафе жұмысын жалғастыруда. Ертіс жағалауында орналасқан дәмхана да жабылды, онда бір үстел басында 6-дан астам адам жиналып отырды, ал келушілер дәмхананың ішінде бетпердесіз жүрді. Кафенің басшылығымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сол себептерге байланысты орталық саябақ, Жеңіс саябағы, ШҚ АЭҚ, және Восточный кентінің ауданында орналасқан мейрамханалар жабылды. Рейд барысында орталық саябақ ауданында орналасқан фаст фуд дәмханасы де тексерілді. Бұл жерде комиссия карантиндік шаралардың толық сақталмағанын анықтады. Дәмхана басшылығына ескерту берілді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жабық нысандар барлық бұзушылықтарды жойғаннан кейін өз жұмысын жалғастыра алады.

Дегенмен, өз келушілеріне қамқорлық жасап, барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтағандар да бар. Рейд барысында «Мариям» кафесінде (бұрынғы «Дана» мейрамханасы) және «Terrasse» кафесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Рейдтер жалғасуда.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *