Семейде жол жөндеу жұмыстары басталды

Биыл жол-жөндеу жұмыстарын орындауға қала бюджетінен 1,359 млрд. теңге көлемінде қаражат жоспарланды.

Бүгінгі таңда қаланың 11 көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Серғазинов мәлімдеді.

Сол жағалауда жөндеу жұмыстары Семей-Қарауыл а/ж (мектептен айналма жол айрығына дейін), Волгоградская көшесі (№ 49 ЖОББМ-ден Рыков көшесіне дейін), Селевин көшесі (Рыков көшесінен Автодорожная көшесіне дейін), Бозтаев көшесін кеңейту (Селевин көшесінен сол жағалаудағы айналма жол айрығына дейін). Сонымен бірге, әуежайға кіреберіс жол жөнделіп, әуежай айналасы жаңа келбетке ие болды.

– Абайдың 175 жылдығына орай жергілікті бюджеттен әуежайға іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Әуежайға баратын жол жөнделді. Іргелес аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Гүлзарлар пайда болды, 70 шырша отырғызылды. Жаяу жүргіншілерге арналған жол бар, орындықтар орнатылған. Бұл жұмыстарға 104 миллион теңге жұмсалды. Мердігер – «Гордорстрой». Жол толықтай аяқталды, – дейді Нұрлан Серғазинов.

Оң жақ жағалауда: Қаржаубайұлы көшесі (оң жағалаудың айналма жолынан Жангелдин көшесіне дейін), Жангелдин көшесі (Қаржайбайұлы көшесінен Шугаев көшесіне дейін), Рысқұлбеков көшесі (Ұранхаев көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейін), Құлжановтар көшесі (Ш. Уәлиханов көшесінен Шугаев көшесіне дейін). Конкурс өтті, мердігер – «Гордорстрой» ЖШС. Келесі нысандар бойынша жұмыстар басталды: Семей-Қарауыл а/ж (мектептен айналма жол айрығына дейін), “Әуежайға кіреберіс жол 0-2 км” а/ж, Волгоградская көшесі (№ 49 ЖОББМ-ден Рыков көшесіне дейін), Селевин көшесі (Рыков көшесінен Автодорожная көшесіне дейін).

Сонымен бірге Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес іс – шаралар өткізу шеңберінде Жангелдин – Омск – Майқапшағай автожолын қайта жаңарту бойынша жұмыстар басталды. Жобаның құны 1,648 млрд. теңгені құрайды. Мердігер –  «Фирма «Азия» ЖШС. Жұмыстар басталды.

Қарағайлы ш/а кварталішілік өтпе жолдарды салу бойынша жобаны іске асыру жоспарланған (1-6 көше), жобаның құны 3,565 млрд. теңгені құрайды. Конкурс өткізілді, мердігер “Фирма “Азия”” ЖШС. Жұмыстар басталды.

Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру аясында жүзеге асыру жобаларының тізбесіне Семей қаласының көшелерін (15 көшені) орташа жөндеу жұмыстары 1,007 млрд.теңге сомасына енгізілді. Сол жағалауда: Боранбай Би көшесі Докучаев көшесінен Мир айналма жол айрығына дейін, Строительная көшесі Глинки көшесінен Физкультурная көшесіне дейін, Шымкент көшесі Белібаев көшесінен Лесная көшесіне дейін және Лесная көшесі, Карменова көшесі Глинки көшесінен Физкультурная көшесіне дейін, Цементная көшесі Физкультурная көшесінен Глинки көшесіне дейін, Рысқұлов көшесі Глинки көшесінен Синицын көшесіне дейін, 408 кварталдағы көше, Глинки көшесінің айналма жол айрығынан сол жағалаудың айналма жол айрығынан Промышленная көшесіне дейін кеңейту. Оң жақ жағалауда: Герцен көшесі Қабанбай батыр көшесінен Чайковский көшесіне дейін, Сеченов көшесінен «Северный» СЛО көшесіне дейін, Дулатов көшесі (Герцен көшесінен т/ж өткеліне дейін), Тоқай көшесі Найманбаев көшесінен Абай көшесіне дейін, Восход кентіндегі жол, Предгорная көшесі, № 17 ОДА, жұқпалы аурулар ауруханасына кіреберіс жол. Конкурс өтті, мердігер «Гордорстрой» ЖШС. Екі нысан бойынша жұмыстар аяқталды: Сеченов көшесінен «Северный» СЛО көшесіне дейін Сеченов тұйық көшесі, инфекциялық ауруханаға кіреберіс жол.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *