Семейде Пристанская, Дулатова және Байсейітова көшелерінің бойында сумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылуда

Мердігер – Өскемендегі «ПромТехМонтаж» филиалы. Жобаның жалпы сомасы 460 млн 801 мың теңгені құрайды. Айта кетейік, тұрғындарда бүгінде су бар. Ол ескі құбырлар арқылы берілуде. Жұмыс аяқталғаннан кейін тұрғындар жаңа желіге қосылатын болады.

– Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Жұмыс өндірістік жұмыс жоспарына сәйкес жүруде. 1 км.686 м су құбыры желілерін қайта құру көзделген, бүгінде жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бағдарламаны жүзеге асыру аталған учаскелердегі апаттардың санын азайтуға көмектеседі. Тұрғындарда су бар, ол ескі құбыр арқылы беріліп жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін біз оларды жаңа желіге қосамыз. Мұндағы желілер ескі, жиі үзілістер мен апаттардың алдын алу үшін оларды ауыстыратын кез келді. Асфальт жамылғысы қалпына келтіріледі, асфальт сатып алу туралы келісімшарт жасалды, – дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің коммуналдық секторының басшысы Құралай Дүйсембаева.

Бүгінгі күні жұмыстың 90% аяқталды. Жобаны қазан айында пайдалануға беру жоспарланған.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *