ШҚО оқушылардың 60%-дан астамы оқуды дәстүрлі форматта бастады, 500-ден астам мектепке сайлаудан кейін дезинфекция жұмыстары жүргізілді

Жаңа жылдық демалыстан кейін Шығыс Қазақстан оқушыларының 60%-дан астамы оқуларын дәстүрлі форматта бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Бас санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың Қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап контингенті 300-ге дейін болатын қалалық және ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептерде 1-11 сынып оқушылары, 1-5 сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшті. Оқытудың аралас форматы бітіруші сыныптар үшін рұқсат етіледі. Бұл ретте пәндердің 70%-ы штаттық режимде, ал 30%-ы қашықтықтан өтуі тиіс.

Осылайша, Шығыс Қазақстанда дәстүрлі форматта 121 мыңнан астам оқушы немесе 63%-ы оқуды бастады. Мектептердегі сабақтар барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтеді.

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының өтуіне байланысты білім беру нысандары сайлау учаскелері ретінде жұмылдырылды. ШҚО білім басқармасының мәліметінше, өңірде сайлау учаскелері 527 мектепте орналасқан. Осы ретте, дауыс беру өткізілген үй-жайларда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 10 және 11 қаңтарда дезинфекция жүргізілді.

Сонымен қатар, ШҚО бойынша Бас санитариялық дәрігердің м.а. Қаулысына сәйкес сайлау комиссияларының мүшелері 72 сағат ішінде оқшаулануды сақтауы, содан кейін ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс. Мәселен, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда 1805 педагог үй карантиніне оқшауланған. Олар өз жұмыстарын қашықтықтан жүргізеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *