ШҚО Ұлан ауданындағы жеке меншік мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басқаруына берілді

Жақында Ұлан ауданына Бас мүфти, ҚМДБ басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы келді.
Сапар барысында ол Ұлан ауданының Құрметті азаматы, ауданның орталық, ең үлкен мешіті – “Мұса баба” құрылысының негізгі демеушісі болған меценат Қайрат Мусинмен кездесті. Он жыл бойы кәсіпкер мешіттің жұмысын өз қаражатымен қамтамасыз етті.
Бас мүфтимен кездесу барысында Қайрат Мусин мешіттің меншік құқығы мен құқық белгілеуші құжаттарының толық құқығын ҚМДБ басқармасына тапсырды. Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы меценатқа игі істері мен еліміздің көптеген азаматтарына үлгі болып отырған істері үшін алғыс айтты.
– Мешіт – адам туылғаннан бастап, өлімге дейінгі мұсылмандар үшін ең маңызды діни шаралар өтетін Алла тағаланың үйі. Бұл – халықты жақындастырып, жастарды тәрбиелеуге өз үлесін қосатын орын, – деді Бас мүфти.
Тәуелсіз 30 жыл ішінде Ұлан ауданында 14 мешіт салынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *