Семейге ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді

ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен  кездесуі барысында бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды. 

– Біздің барлық медициналық мекемелерімізде жауынгерлеріміз үшін есік әрдайым ашық. Сонымен қатар, егер біліктілік алу қажет болса, командир маған жүгіне алады. Өтініш жазсаңыз болғаны. Біз облыстық бағдарлама аясында мәселені шешетін боламыз, – деді Даниал Ахметов.

ҚР Қорғаныс министрі өз кезегінде медициналық қызмет көрсету саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

– Биылдан бастап әскери емдеу орындары әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсету құқығына ие болды. Атқарушы биліктің арқасында бізде әлеуетті дамытуға қажетті барлық жағдай қарастырылған, – деп түйіндеді Нұрлан Ермекбаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *